Облыс орталығына әкелінген жаңа электробустардың бірі №9 бағыт (Әуежай – 21 шағынаудан) бойынша қатынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратпен “Марат-М” компаниясы өкілдері бөлісті.
Аталған бағыт қаланың басым бөлігін қамтып, негізгі аудандарды, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй аудандарын байланыстырады.
Жаңа бағыттың іске қосылуы шалғай шағынаудандарға жетуді жеңілдетпек. Одан бөлек, қолданыстағы қоғамдық көлік желілеріне түсетін жүктемені азайтады деп күтілуде.
Пікірлер