2025 жылы ел аумағына кірген 15 млн 956 мың 571 шетелдіктің 63 480-і қайта шықпай қалған. Ішкі істер министрлігінің Kazinform сауалына берген жауабында осындай дерек бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- 2025 жылы Қазақстан Республикасына 15 956 571 шетел азаматы кіріп, 15 893 091-і шыққан (2024 жылы 15 454 808 шетел азаматы кіріп, 15 414 762 шыққан, - деп жазылған жауапта.
ІІМ дерегіне сүйенсек, 2025 жылы 113 мың 961 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 18 мың 872 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылған. Ал 2024 жылы 97 мың 229 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзып, 14 мың 124-і ел аумағынан шығарылған болатын.
Министрліктегілер былтыр Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған Ресей азаматтарының саны 8148 адам болғанын атап өтті (2024 жылы – 9761).
- 2025 жылы бұрын Ресей Федерациясының азаматы болған 1757 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды (2024 жылы – 2148), - деп жазады ІІМ мамандары.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлінің мәліметі бойынша, 2025 жылы сыртқы көші-қон сальдосы оң динамика көрсетіп, 16,1 мың адамға дейін өскен.
Пікірлер