A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 14:20 0

Өскеменде жаңа қонақүй ашылды

Бүгін / Басты / Өскемен

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «Monotel» атты жаңа қонақүй ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобаны жеке инвестор Мейрамбек Садықов жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені құрады.

Қонақүйде жалпы сыйымдылығы 92 адамды құрайтын 46 нөмір бар, оның ішінде: 32 стандарт, 8 жартылай люкс, 2 люкс және 4 президенттік нөмір. Сонымен қатар 200 орындық мейрамхана қарастырылған.

Аталған жоба аясында 50 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, мұндай бастамалар экономиканың дамуына тікелей әсер етеді.

- Кәсіпкерлік, инвестициялар және туризм өзара тығыз байланысты. Бір бағыт екіншісінсіз дами алмайды. Жаңа орналастыру нысандарының ашылуы - өңірдің инвестициялық тартымдылығының көрсеткіші әрі шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша серпін береді, - деді өңір басшысы. 

Жаңа қонақүйдің ашылуы - облыстың туристік инфрақұрылымын дамытудағы және аймақ қонақтарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы кезекті қадам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив