13 сәуірде ШҚО Экология департаментінің өкілдері Зайсан қаласы әкімі аппаратына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысанын пайдалану дерегі бойынша өтті.
— Мамандар полигон аумағында жұмыстардың талапқа сай ұйымдастырылмағанын анықтады. Салдарынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қойылатын экологиялық талаптар бұзылды. Сонымен қатар полигонның тиісті экологиялық рұқсатсыз пайдаланылып келгені белгілі болды. Тексеру қорытындысы бойынша әкім аппаратының жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер