Аудандық сотта мас күйде көлік басқару дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сот мәліметінше, 7 наурызда ер адам мас күйде көлік тізгіндеген. Алайда сот отырысында ол өз кінәсін мойындаған жоқ.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша мұндай құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған. Дегенмен 14 жасқа толмаған балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер адамдарға әкімшілік қамау қолданылмайды.
Нәтижесінде сот азаматты кінәлі деп танып, оның жалғызбасты әке екенін ескере отырып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер