A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 13:00 0

Жаңа оқу жылында білім бюджеті облыстан аудандарға берілуі мүмкін

Бүгін / Республика

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Мәжілістің жалпы отырысында білім беру шығындарын облыстық бюджеттен аудандық деңгейге қайтару процесі қандай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Білім саласының бюджетін облыстық деңгейден қайта аудандық деңгейге қайтару туралы депутаттар ұсынған түзетулерді Үкімет толығымен зерделеп, қолдау білдіріп отыр. Яғни білім саласының шығындары облыстақ бюджеттен аудандық бюджетке қайтару керек деген ұйғарым бар. Оның ішінде тек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шығындары мен ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары облыстық деңгейде қалады, - деді ол депутат сұрағына жауап бере отырып. 
Сондай-ақ, ол аталған түзету жаңа оқу жылында күшіне енуі мүмкін екенін айтады.
- Екінші оқылымға дейін ол түзетулерді заң жобасына енгізіп үлгереміз. Ал жаңа оқу жылына дейін ол түзету күшіне ене ме деген мәселеге келсек, теориялық тұрғыда мүмкіндік бар. Бюджет заңнамасы бұған мүмкіндік береді. Ішіндегі өтемақы арқылы немесе басқа да тетіктер арқылы шығындарды облыстан аудандық деңгейге бағыттау болады, - деді вице-министр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив