A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:30 0

Күршім ауданында заңсыз балық аулау дерегі жиі тіркеліп жатыр

Бүгін / Күршім

Өңірде «Нерест» жедел алдын алу шарасы аясында бес күн ішінде 17 заң бұзушылық анықталып, заңсыз саудадан 66 келі балық тәрікленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең көп бұзушылық Күршім ауданында тіркелді. Ауданда 21 жастан 53 жасқа дейінгі тұрғындарға бес әкімшілік хаттама толтырылды. Ұлан және Марқакөл аудандарының әрқайсысында браконьерліктің төрт дерегі анықталды. Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандарында да бұзушылықтар тіркелді.

Полиция мәліметінше, су айдындарында, жолдарда және балық сауда орындарына рейдтер жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзуды анықтау жұмыстары күшейтілген қарқынмен жалғасуда.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері облыс тұрғындарын аймақтың су айдындарының экожүйесін сақтау үшін белгіленген балық аулау ережелерін сақтауға және табиғи ресурстарды сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив