A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:45 0

ШҚО-да 28 градус ыстық болады

Бүгін / Басты / ШҚО

Синоптиктердің сөзінше, алдағы күндері кейбір өңірлерде термометр бағандары 32 градусқа дейін жоғарылайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК нақтылауынша, келесі аймақтарда ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстікте: 18-27 градус жылы;

Орталықта: 22-30 градус жылы;

Шығыста: 20-28 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы;

Оңтүстікте: 27-32 градус, таулы аймақтарда 22 градус жылы;

Оңтүстік-шығыста: 20-30 градус, таулы аймақтарда 10-15 градус жылы.

Сонымен қатар күндізгі ауа температурасы батыста 7–18 градусқа, солтүстік-батыста 10–20 градус жылыға дейін төмендейді.

- Мәскеу маңынан жылжып келе жатқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республика аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив