Өңірде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Мобильді прокурор: Азамат» мобильді қосымшасы жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді әрбір кәсіпкер құқық бұзушылық фактілері туралы нақты уақыт режимінде хабарлап, уәкілетті органдарға жедел түрде өтініш жолдай алады. Бұл – кері байланысты жедел орнатып, туындаған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.
Қосымша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тікелей өзара іс-қимыл арнасы ретінде өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.
- Кәсіпкерлерді өз құқықтарын қорғау және өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру үшін осы сервисті белсенді пайдалануға шақырамыз, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер