Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «ШҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің 2026 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары» атты брифинг өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті бақылау бөлімінің басшысы Нұралы Ақынтаевтың сөзінше, жыл басынан бері 8 тексеру (6 профилактикалық бақылау, 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік қорғау саласына қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталған.
– Тексерулер барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау талаптары бойынша 9 бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 5 дерек мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеуге қатысты. Ал жергілікті атқарушы органдар тарапынан арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 4 бұзушылық анықталды, – деді ол.
Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Жалпы мұндай бақылау шаралары халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Пікірлер