A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:45 0

ШҚО-да ІІМ Министрі кубогы үшін турнир басталды

Бүгін / ШҚО

Өскеменде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында шайбалы хоккейден ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен үшінші жыл қатарынан елдің түкпір-түкпірінен келген тәртіп сақшыларының басын қосып, ауқымды хоккей бәсекесінің орталығына айналды. Биыл да Шығыс Қазақстан қонақжайлылық танытып, қатысушылар мен жанкүйерлерді қуана қарсы алды.
Турнирдің басты жүлдесі сарапқа салынатын додаға алты команда қатысуда. Олар: Астана қаласы мен Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары, ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы және ШҚО Полиция департаментінің командасы.
Салтанатты ашылу рәсімінде ШҚО Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Болат Нұрсейітов құттықтау сөз сөйледі.
- Хоккей — бұл батыл, тәртіпті және тәуекелге бел байлай алатын жандардың ойыны. Нағыз полицейдің бойынан да дәл осы қасиеттер табылуы тиіс: командада жұмыс істей білу, қас-қағым сәтте шешім қабылдау және кез келген жағдайда өзіне сенімді болу. Осы турнирге қатысудың өзі — үлкен жеңіс, себебі сіздер өз бөліністеріңіз бен аймақтарыңыздың намысын қорғайсыздар, - деді ол. 
Полиция қызметкерлері үшін бұл — тек спорттық бәсеке ғана емес, ірлік пен қызметтік борышқа адалдықтың нышаны.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив