22 сәуірде Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Тарбағатай ауданының «Балалар өнер мектебі» ұсынған «Мен әлемді сүйемін» атты оқушылар шығармашылығы көрмесі өтіп, өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара шеберлік сағатымен жалғасты
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл көрме – жай ғана суреттер жиынтығы емес, бала жүрегінен туған шынайы сезімнің, таза қиял мен өмірге деген махаббаттың көрінісі. Әр туынды көрерменге ерекше әсер сыйлап, жас суретшілердің ішкі әлемін танытты.
Көрме барысында 85 туынды көпшілік назарына ұсынылып, жас дарындардың шығармашылық ізденісі мен шеберлігі бағаланды.
Сонымен қатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қатысушылар тамашалап қана қоймай, өнерді өз қолдарымен сезініп, шығармашылық атмосфераға ене алды. Оның ішінде:
Жүн басу арқылы текемет жасау;
Майлы бояумен жылдам сурет салу;
Акварель техникасының қыр-сырын меңгеру бар.
Көрменің ашылу салтанатында Балалар өнер мектебінің директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Әлібек Шоқанов сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Директор не дейді?
Сонымен қатар шеберлік сағатына «Көркемөнер» сыныбы мұғалімдері Әділет Шоқанов пен Мейір Жетпісов, сондай-ақ Балалар өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ажар Назымханова қатысты.
Шығыс Қазақстан Өнер музейінің директоры Ерназ Калижановтың сөзінше, Тарбағатай ауданы мен «Балалар өнер мектебінің» бүкіл ұжымына алғысын білдірді.
– Бүгінгі көрме – балалар жүрегінің тазалығы мен шығармашылық шабыттың айқын дәлелі. Мұндай шаралар өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, жас таланттардың жолын ашуда маңызды рөл атқарады, – деді ол.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Өз маманның үздігі» медалі иегері Әлібек Шоқановтың сөзінше, бұл көрме – оқушылардың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі.
– Балалар өнері – ең таза, ең шынжырқ сезімдерге толы. Әрбір туындының артында шексіз қиял мен өмірге деген махаббат жатыр. Мұндай маңызды шараны ұйымдастыруда қолдау білдірген Шығыс Қазақстан Өнер музейінің басшылығына және барлық қонақтарға алғыс айтамын, – деді ол.
Пікірлер