22 сәуірде қала басшысы Алмат Ақышов жауапты бөлім қызметкерлерімен бірге аталған аумақтарды аралап, абаттандыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімнің айтуынша, Славский жағалауында парапетті нығайтып, сапалы бояумен сырлау қажет. Сондай-ақ нысанға көркемдік элементтер қосып, түрлі-түсті суреттер салу ұсынылды.
Сонымен қатар Әуезов даңғылында да абаттандыру жұмыстары жүргізілетін көрінеді. Жоспар бойынша, тозған брусчатка ауыстырылып, тұрғындар үшін демалыс аймағы жасалады. Онда орындықтар орнатылмақ.
Пікірлер