A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:30 0

Өскемендегі Қан орталығы маңында жарылыс болады

Бүгін / Өскемен

24 сәуір күні сағат 14:00-де 19-шы тұрғын ауданында (Көкжал Барақ және Увалиев көшелерінің арасы) жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала әкімдігі мәліметінше, жұмыстар көпсалалы аурухана құрылысы аясында өтеді және шамамен бір сағатқа созылады.
Аталған аумақ Қан орталығы, Гематология орталығы және бірқатар тұрғын үйге жақын орналасқан. 
Атап айтқанда, Көкжал Барақ көшесі, 13/2; Увалиев көшесі, 4; Қазыбек би даңғылы, 7/3, 7/2, 5/3, 5/2 мекенжайлары маңында жүргізіледі.
Осыған байланысты қала билігі тұрғындарды қауіпсіздік мақсатында көрсетілген уақытта бұл аумаққа бармауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив