Экспорт көлемі де ұлғайған. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Өңірлік экологиялық саммиттің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі тақырыптық сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, еліміздің аграрлық өндіріс кешені соңғы үш жылда тұрақты оң динамика көрсетіп отыр.
– Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі былтыр 20 млрд долларға жетті, яғни 5,9%-ға өскен. Ал инвестициялар көлемі 53%-ға артып, 3,2 млрд доллар болды. Бұл кездейсоқ өсім емес. Инвесторларға жайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді вице-министр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстан азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімдерін шет мемлекеттерге сатуды ұлғайтқан.
– Соңғы 5 жылда өнімдерді экспорттау көлемі екі есе өсіп, 7 млрд долларға жетті. 15,3 млн тонна бидай мен астық экспортталды. Былтыр Орта Азия мемлекеттерімен тауар айналымы 3,5 млрд долларға жетті, яғни 30%-ға жоғарылаған. Ең маңыздысы, біз өңделген өнімдерді экспорттап жатырмыз. Оның көлемі 38%-ға артып, 3,6 млн доллар болды, – деді Ербол Тасжүреков.
Пікірлер