Оқиға Мирный кентіндегі Владивосток көшесінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, екі жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыстар мен екі автокөлік отқа оранған. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан үш газ баллонын сыртқа шығарған.
Өрт 112 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазір оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.
Пікірлер