A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 15:00 0

Ең көп кітапхана қай өңірде

Бүгін / Республика

23 сәуірде атап өтілетін Ұлттық кітап күніне орай Қазақстандағы кітапханалар туралы негізгі статистикалық мәліметтер ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде көпшілікке арналған 3 912 кітапхана жұмыс істеген. Бұл салада 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кітапханалардың 14-і жекеменшік, ал басым бөлігі – 3 343-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Кітапханалардың құрылымына келсек, олардың 3 866-сы әмбебап кітапхана болса, 20-сы ғылыми, 19-ы арнайы және 7-еуі өзге бағыттағы мекемелер. Балаларға арналған 269 кітапхана бар.
Өңірлер бойынша ең көп кітапхана Түркістан облысында тіркелген – 388. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы (359), Ақмола облысы (341) және Қостанай облысы (336) орналасқан.
– Еліміздегі кітапханалардың жиынтық қоры 110,3 млн басылымды құрайды, оның ішінде 69,6 млн-ы кітаптар. Ең ірі кітап қоры Алматы қаласында шоғырланған – 37,5 млн басылым. 2025 жылы кітапханаларға келушілер саны 55,2 млн ретке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – 5,4 млн. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында – 4,6 млн, Түркістан облысында – 4,1 млн келуші тіркелген, – делінген Ұлттық статистика бюросының дерегінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив