A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да ауқымды сенбілік өтеді

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен кеңес өтіп, оған бизнес, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өткен жылы экологиялық акцияларға шамамен 150 мың адам қатысты. 1,5 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 3 800 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Биылдың өзінде аталған бастамаға 32 мыңнан астам адам атсалысты. Олар 1100 гектар жерді тазалап, 750 тоннадан астам қоқыс шығарды.
Ал 2024 жылдан бері шамамен 250 мың көшет отырғызылды, өткен жылы 138 мыңнан астамы ағаш егілді. Биыл тағы 111 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.
25 сәуір күні ауқымды облыстық сенбілік өтеді. Іс-шараға 100 мыңға жуық адам және 326 кәсіпорын қатысады деп күтілуде.
Өңірде 11 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1 190 гектар аумақ, 129 өзен мен бұлақ тазартылатын болады.
Негізгі жұмыстар Өскемен қаласында және басқа да елдімекендерде жүргізіледі.
– Шығыс Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Жинақылық бір реттік акция емес, күнделікті дағдыға айналуы тиіс, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Қала және аудан әкімдеріне барлық ауланы, соның ішінде саяжай алқаптарын тұрғындарды тарта отырып, тазалау жұмыстарын белсенді ұйымдастыру тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив