A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:45 0

ШҚО-да жоғалған бүлдіршін 4,5 сағаттан кейін дін аман табылды

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі мөлтек аудандардың бірінде әдеттегі күн бір отбасы үшін нағыз сынаққа айналды. Үлкендер бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде баладан көз жазып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

– Басында ата-анасы өз беттерінше іздеген. Алайда әр минут ғасырдай болып, қорқынышты үдете түскен. Жарты сағаттық нәтижесіз іздеуден кейін олар "102" арнасына хабар берген. Полицейлер дереу сигналды қабылдап, шұғыл іс-қимылға кірісті. Кешіктірмей жеке құрам жасақтары жұмылдырылып, аулаларды, көшелер мен шеткері аймақтарды жаппай тексеру басталды, – делінген ресми ақпаратта.
Тәртіп сақшылары әрбір ықтимал бағытты тексеріп, тұрғындардан сұрастырды және жақын маңдағы аумақтарды – аулалардан бастап ашық жерлерге дейін мұқият қарап шықты.
– Іздеу жұмыстары шамамен 4,5 сағатқа созылды. Ақырында кішкентай қыз табылды. Бүлдіршінді үйінен 4 шақырым жердегі көлдің маңынан жедел уәкіл Медет Жансейітов тауып алды. Полицейлердің жүйелі іздеу жұмыстарының арқасында кішкентай қыз аман-есен табылды, – деп хабарлады полициядан.
Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қыздың анасы толқынысын жасыра алмады. Ол полицейлерге жеделдігі мен қырағылығы үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив