Әлеуметтік желіде таралған мәліметті облыстық Полиция департаменті өкілдері растады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті пабликтерде таралған ақпараттарда ер адамның денесі АDК маңында, бұрынғы бәйтерек болған жерде табылды деп жазылды. Соған байланысты маңайы қоршалып, өткен-кеткендердің назарын аударған. Мәлім болғандай, қазір осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
– Тергеу және жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізілуде. Соған сәйкес процессуалдық шешім шығарылады. Марқұмның жеке басының деректері мен өлімнің себебі анықталып жатыр, – деді Полиция департаменті өкілдері.
Тәртіп сақшылары тұрғындарды ресми ақпаратқа ғана сеніп, сабырлық сақтауға шақырды.
Фото: Azattyq-ruhy.kz
Пікірлер