A+ A A-

talgatzhan 3 Бүгін, 10:00 0

Абай облысында шахта опырылып, бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін / Республика

Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан Орлов өндірістік кешенінің шахтасында тау жынысы опырылып, қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде үйінді астында екі жұмысшы қалған. Құтқару жұмыстары барысында олардың бірі оқиға орнында көз жұмғаны анықталды. Екінші жұмысшы аман табылып, дәрігерлерге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив