2025 жылы бұған дейінгі жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бюро азық-түлік тұтынуы бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелерін жариялады.
Орта есеппен жан басына шаққанда бір айдағы тұтыну көлемі: картоп – 3,8 кг 1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,4 кг сиыр еті – 2,1 кг алма – 1,6 кг құмшекер – 1,5 кг күріш – 1,4 кг шикі сүт – 1,1 литр айран – 1 литр жұмыртқа – 17,6 дана макарон өнімдері – 0,9 кг жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг қара шай – 0,1 кг
Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну бір ай ішінде үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептеледі. Көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы көлемін үй шаруашылығы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Пікірлер