A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 17:00 0

Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылды

Бүгін / Өскемен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Өскемен әуежайы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Тергеп-тексеру нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені анықталды.
Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен «Өскемен әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив