A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 17:15 0

Өскеменде мектеп түлектері ағаш екті

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы мектеп түлектері экологиялық бастамаларға белсенді қатысып, туған қаланы көгалдандыруға үлес қосуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында қала мектептерінде көшет отырғызу челленджі өтті.
Экологиялық акцияға №24 және №50 орта мектептердің ұжымдары мен түлектері белсенді атсалысты. Мектеп аумақтарына ағаш көшеттері отырғызылды. Болашақ олар білім ордасының көркін келтіріп, жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жанашырлығының белгісіне айналмақ.
Мұндай іс-шаралар аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар маңызды тәрбиелік мәнге ие. Ағаш отырғызу жұмыстарына қатысу жастардың табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсінуіне ықпал етіп, экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар игі дәстүрге айналып, оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды ортақ мақсатқа, яғни туған қаланы таза, жасыл әрі жайлы етуге жұмылдырады. Түлектер үшін бұл акция туған мектебінде жақсы із қалдырып, туған өлкенің табиғатын сақтауға үлес қосудың жарқын мүмкіндігі болды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан экологиялық акциялар жастар арасында қолдау тауып, қоршаған ортаның қадірін түсінетін әрі ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив