17 мамыр күні сағат 14:00-де Қабанбай батыр атындағы саябақтың бас сахнасында қазақтың айтыс өнерінің көрнекті өкілі, Шығыс өңірінде айтыс мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақтаңгер айтыс ақыны Абаш Кәкеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәдени шара және облыстық ақындар айтысы өтеді, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
️Ұлт руханияттың дамуына елеулі еңбек сіңірген тұлғаның мерейтойы аясындағы сөз жүйріктерінің сайысына елдің танымал айтыскер ақындары қатысады.
Пікірлер