A+ A A-

talgatzhan 40 Кеше, 09:30 0

11 - 17 мамыр аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты 
Сейсенбі күні өзіңізге жақын адамдардың жанын жаралап алмауға тырысыңыз. Тоқтылардың өзімшілдігі кейде достарын. Туыс-туғандарын ренжітуге дейін әкеліп соғады. Сәрсенбі, бейсенбі күндері жаңа таныстық орнатуға мүмкіндік мол.
Торпақ
Апта басталысымен көкейде жүрген қоңыр ойларыңызды қойын дәптеріңізге түрте бастаңыз. Отбасылы Торпақтар үшін маммыр айының екінші онкүндігінде түрлі тапсырмалар жүктеліп, апта соңы қарбалас болмақ.
Егіздер
Қазір тосын жаңалықтар жиі құлағыңызға шалынып, көз алдыңызға шым-шытырық жайттар келеді. Құдды бір өзгеше Әлемге түсіп кеткендей, мүлде таңсық жайттардың куәсі боласыз. Болмашы нәрсенің өзіне қатты таңқаласыз.
Шаян 
Көктем аяқталуға жақындағанда күрмеуі қиын шаруаларды реттер, белсене түсесіз. Оны күнде ертеңге қалдырамын деп шегере берудің қажеті жоқ. Себебі жаңа ай басталғанда тапсырмалардың басқа түрі күтіп тұрады. 
Арыстан
Бұрын-соңды жолықпаған қиын жұмыс өз әлеуетіңізге күмәнмен қарауға итермелейді. Тартыншақтаудың қажеті жоқ, қайта жинақылық танытып, алға қарай сенімді қадам жасаңыз. Апта соңында маңызды келісімшартқа қол қоюыңыз мүмкін.
Бикеш 
Бикештер бұл жолы өзінің жақтастары емес, бір нанды бөлісіп жеген достарына арқа сүйейді. Олардың ақыл-кеңесі қашан да дұрыс бағытты сілтейді. Мүмкіндік болса, бейсенбі, жұма күндері үйдегі ұсақ-түйек шаруаларды аяқтаған жөн.
Таразы
Жұлдыздар Таразыларға барынша салқынқанды болуға кеңес береді. Әйтпегенде әріптестерінің тарапынапн жағымсыз лепес естіп, алып-қашпа әңгімелер айтылуы мүмкін. Болмашы жерден қателесуден сақ болыңыз. 
Сарышаян
Апта ортасында бойыңызға біткен қуат көптеген қарбалас тірлікті еңсеруге сеп болады. Қолыңыз тигенде үйіңіздегі ескі-құысқы заттарды қоқысқа лақтырғаныңыз жөнү ал демалыс күндері тарихи шығармалар оқуға тырысыңыз.
Мерген
Жұмысыңыз бастан асып жатқанда күтпеген қоңырау түсіп, көптен бері араласпай кеткен танысыңыз көмек сұрауы мүмкін. Қолыңыздан келсе қолұшын беруге асығыңыз, себебі ол жақсылық кейін сізге еселеп қайтады.
Тауешкі
Ұжымдағы бәсекелестеріңіздің теріс пиғылы талай Тауешкінің бағытынан айнуларына себепкер болады. Дұрысы, дос көңілін сүйдіріп, дұшпан көңілін күйдіретіндей жетістікке жете беруден жалықпаңыз. 
Суқұйғыш
Қазір ағзаңызға дәрумен жинап, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы мерзім. Басшылық соңғы уақытта жұмысыңызға сын көзбен қарап, тапсырамалар легін көбейте түспек. Түбі сізге зор үміт артатынын ұмытпаңыз.
Балықтар
Апта соңында жалғызбасты Балықтар жадынан кетпей жүрген жұмбақ жанын жолықтырып, махаббат кемесіне мінеді. Татулық пен сүйіспеншіліктің сақталуы үшін әр аптаның ортасында тосынсый жасауды әдетке айналдырыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив