Қазақстанда филологиялық сараптама жүргізетін мамандар тапшылығы байқалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтилесов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бүгінде елде 1 200-ден астам сот сарапшысы жұмыс істейді. Алайда олардың тек 28-і ғана филологиялық сараптама жүргізуге маманданған.
– Қазіргі таңда 28 сарапшы қазақ және орыс тілдерінде филологиялық сараптама жүргізеді. Оның 14-і қазақ тілінде, қалған 14-і орыс тілінде жұмыс істейді, - деді Бақытжан Байтилесов.
Спикердің мәліметінше, 2025 жылғы статистика бойынша шамамен 2 200 филологиялық сараптама жүргізілген. Оның 60 пайызы қазақ тілінде, ал 40 пайызы орыс тілінде өткізілген.
Пікірлер