A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанның балмұздақ экспорты алғаш рет импорттан асып түсті

Бүгін / Республика

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, былтыр елдегі балмұздақ өндірісі 63,2 мың тоннаға жетіп, бір жылда 22%-ға өскен. Бұл – 2000 жылдардың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Жыл қорытындысы бойынша балмұздақ экспорты 36,8%-ға артып, 14,2 мың тоннаны құраған. Осылайша экспорт көлемі импорттан асып түсті.

Қазақстандық балмұздақ негізінен Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортталады. Ал импорт көлемі 5,1%-ға төмендеп, 12,2 мың тоннаға дейін қысқарған.

Министрлік бұл көрсеткіш отандық өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсететінін атап өтті.

Биыл да өсім сақталған. 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында балмұздақ өндірісі 58,6%-ға өсіп, 14 566 тоннаға жеткен.

Саладағы негізгі экспорттаушының бірі – Shin-Line компаниясы. Компания Қазақстандағы балмұздақ экспортының 95%-ына дейін қамтамасыз етеді.

- Қазіргі таңда Shin-Line ТМД елдеріндегі балмұздақ өндірушілер арасында төртінші орында тұр. Өткен жылы компанияның экспорт көлемі 14,2 мың тоннаға жетіп, экспорттық түсімі 49 млн доллардан асқан. Өнімдер Қытайға, Ресейге, Беларуське, Моңғолияға, Кавказ елдері мен Орталық Азия мемлекеттеріне жеткізіледі, - делінген ақпаратта.

Министрлік өндірістегі өсімге инфрақұрылымға салынған инвестициялар әсер еткенін атап өтті. Мәселен, Байсеркедегі 50 гектар аумақта орналасқан заманауи зауытқа 64 млрд теңге инвестиция салынған. Кәсіпорында 3500-ден астам адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар былтыр қазақстандық балмұздақтың орташа экспорттық бағасы 1 келісі үшін 3,47 долларға жеткен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив