A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 12:05 0

Тарбағатай ауданында жасөспірімге күш көрсетпек болды

Бүгін / Тарбағатай

2024 жылы ШҚО прокуратурасының бастамасымен іске қосылған «URPAQ» жобасы балалар мен ата-аналарға буллинг, зорлық-зомбылық және балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер туралы анонимді түрде хабарлауға мүмкіндік береді, деп хабарладйы Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сәуір айында «URPAQ» чат-ботына кәмелетке толмаған баладан құрдастарының өзіне физикалық күш қолдануды жоспарлап отырғаны туралы анонимді ақпарат келді.
Тарбағатай ауданының прокуратурасы мен полиция қызметкерлері оқиғаны дер кезінде тоқтатты. Нәтижесінде жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Аталған факті бойынша бұзақылыққа қатысы бар балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 
Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, «@VKO_URPAQ_BOT» телеграм-боты тәулік бойы жұмыс істейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив