ШҚО прокуратурасы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады.
— Жалға алушылардың шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланбағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, — делінген хабарламада.
Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Пікірлер