Тоқты
Реті келсе шулы жерден алшақтап, тыныштау жерге орнығыңыз. Жүзеге аспай жатқан жоспарыңызды ойлап, өзіңізді жегідей-жеудің қажеті жоқ. Асығыс әрекет жасамасаңыз ертелі-кеш барлығына қол жеткізесіз.
Торпақ
Ерекше есте қалар апта болмақ. Басты жаңалық махаббат шеңберінде көрініс берсе, қаржылық мәселелер қалтаңызды біршама қаға түспек. Сол себепті екі жақ «майданда» жүріп, күш-қуатыңызды сарқып алмаңыз.
Егіздер
Ұсақ-түйек шаруадан бастап, түбі мұрты бұзылмаған қиын жұмыстарға араласып кетесіз. «Жалғыздың үні шықпас» демекші, бар шаруаны бір өзіңіз тындырамын деп титықтап қалып жүрмеңіз. Көмекке келуге әзір достарыңыз аз емес.
Шаян
Нендей жайт болса да асығыңыз алшысынан түсіп, көпшілік назарын өзіңізге аударасыз. Осы қарқынды түсірмеңіз. Мәнсап жолыңызда өрлеудің сәті түсіп, қомақты қаржыға ие болуыңыз да ғажап емес.
Арыстан
Түрлі кедергілер ұшырасып, кейбір мәселелеріңіздің сол күйі шешімін таппай қалуы ғажап емес. Мұндайда отбасыңыздың амандығын бірінші орынға қойсаңыз бір сәт қиындық құрсауынан құтылғандай боласыз.
Бикеш
Жұлдызды сәтіңіз енді туады. Шығармашылық хақысында сәтті кезең, сүйіктіңізді жолықтыру және жаңа таныстық – үлкен өмірде де сізді алға жетелеумен болады. Іскерлік қарым-қатынас орнату да еш артық етпейді.
Таразы
Уақытыңыз бен асқан жауапкершілікті қажет ететін тапсырмаларды орындауға әзір болыңыз. Дегенмен соның ақысын алу үшін біршама уақыт күтуге тура келеді. Не де болса соңына дейін күткеніңіз жөн: есесіне еңбегіңіз еселеп ескерілмек.
Сарышаян
Мамыр айының ортасында мүлде күтпеген қоңырау түседі. Бәлкім, соншама жыл көріспеген сыныптасыңыз болар. Көмек сұраса қолұшын беруден қашпаңыз, тек қарызға ақша сұраса, жақсылап ойланыңыз.
Мерген
Кейде томаға тұйық болудың да пайдасы зор. Көпшілік әрнені сұрап, мазаңызды алмайды. Одан қалса сырттай жүріп жатқан өсек-аяңдардан да құлағыңыз тыныш болады. Қарбаласпен жүріп, денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз.
Тауешкі
Аптаның екінші жартысы қаржылық мәселелерді реттеп алуға қолайлы. Іскерлік кездесулер жемісін беріп, қайда барсаңыз да жолыңыз ашыла түседі. Ал бейсенбі, жұма күндері бейтаныс адамдардың сан соқтырып кетуінен сақ болыңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар дәрумені мол тағамдар тұтынып, алдағы күндерін абыроймен өткізу үшін осы бастан әзірленуді құп көреді. Қадамыңызды қай бағытта жасасаңыз да сәттілік серігіңізге айналады. Қазір қолда бар ақшаңызды үнемдеп жұмсағаныңыз жөн.
Балықтар
Қазір қай жұмысқа кіріссеңіз де бабыңыз келісіп тұр. Тек болмашы жерден сүрініп кетсеңіз, салыңыз суға кетпесін. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Алыс жолға шыққанда темір тұлпарыңыздың жағдайын бағамдап алғаныңыз жөн.
Пікірлер