A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 09:10 0

Ұлан ауданында «Халық әуені» концерті өтті

Бүгін / Ұлан

Облысқа гастрольдік сапармен келген өнер ұжымы Қасым Қайсенов кентіндегі мәдениет үйінде «Халық әуені» атты концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылды.
Кеш барысында көрермен қазақтың дәстүрлі күй өнерінің таңдаулы туындыларын тыңдап, ұлттық музыканың терең мазмұнын сезінді. Концертте Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқовтың әндері мен әлемдік классика орындалды.
Оркестрдің жоғары кәсіби шеберлігі мен ұлттық нақышқа бай репертуары көрерменнің зор қошеметіне ие болды. «Халық әуені» жобасы аудан тұрғындарына рухани әсер сыйлап, ұлттық өнерді насихаттайтын мазмұнды мәдени кешке айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив