A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:20 0

Шемонаиха ауданында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерт өтті

Бүгін / Шемонаиха

Ауданда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Аудан тұрғындары мен қонақтарына Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Оркестрге бас дирижёр Дастан Ибрагимов жетекшілік етті. Кештің ерекше атмосферасын баритон Азат Мәлік пен опера әншісі Лаура Құмарханова өз өнерлерімен толықтырды. Өнерпаздар жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін паш етті.
Іс-шараға Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев қатысып, концерт әртістеріне деген шынайы алғыс пен терең құрметтің белгісі ретінде аудан халқының атынан ықылыс гүлі табысталды.
Концерт көрерменге жоғары өнердің, шабыт пен рухани бірліктің ерекше атмосферасын сыйлаған жарқын мәдени оқиғаға айналды. Осындай тағылымды іс-шаралар мәдениетті дамытуға және отандық өнерді кеңінен насихаттауға зор үлес қосады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив