A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 12:00 0

Ел бойынша 14,5 млн гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Бүгін / Республика

Көктемгі егіске 133 мыңнан астам трактор жұмылдырылды.Бұл туралыАуыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, бүгін ауыл шаруашылығы дақылдары 14,5 млн гектар алқапқа себілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 10 млн гектарға, майлы дақылдар — 3,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар — 861,4 мың гектарға, мақта — 167,3 мың гектарға, көкөніс дақылдары — 109,1 мың гектарға, бақша дақылдары — 80,3 мың гектарға, картоп — 107,7 мың гектарға, қант қызылшасы — 22 мың гектарға егілді, — делінген хабарламада.

Егіс науқанын даярлау және өткізу бағытындағы негізгі жұмыстардың бірі — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету.

2026 жылға арналған тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тоннаны құрайды. Әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта 1,5 млн тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарттар жасалып, 1,3 млн тоннасы жөнелтілді.

Шаруаларды тыңайтқышпен қамтамасыз ету қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірлердің жергілікті бюджеттерінде 2026 жылға тыңайтқыш құнын субсидиялауға 56,3 млрд теңге қарастырылған.

Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығы құрылымдарында 133,9 мың трактор, шамамен 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар. Аграрларға үздіксіз техникалық қолдауды 70 сервистік орталық қамтамасыз етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив