Полиция есебінде тұрған балаларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа және спортқа тарту жұмыстарын күшейту керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Тәртібі жағынан «қиын» жасөспірімдерді анықтап, бақылауда ұстаймыз. Қазір 3 мыңнан астам бала полицияның есебінде. Олармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр – әлеуметтік пайдалы жұмысқа және спортқа тартылып жатыр. Дегенмен, жергілікті органдар тарапынан мұндай балалардың тек 60%-ы ғана қамтылған, - деді Е. Сәденов.
Осы орайда әкімдіктерге жазғы демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылды.
- Сонымен қатар, бүгінде балалардың терезеден құлауы, су қоймаларында қаза болуы, көлікпен балаларды қағу жағдайлары көбейді. ІІМ тарапынан олардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді министр.
Пікірлер