A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:00 0

Қазақстанда бет-жүзді жабатын киім киген 1179 адам жауапқа тартылды

Бүгін / Республика

ІІМ мәліметінше, жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты заң талаптарын еске салды.

Ведомство мәліметінше, бұл норма «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңның 75-бабы 3-тармағында қарастырылған. Аталған талапқа сәйкес, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей деңгейде бетті толық жабатын киімдерді қоғамдық орындарда кию құқық бұзушылық болып есептеледі.

Алайда бұл тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуға қатысты қолданылмайды.

ІІМ мәліметінше, жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген. Алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта аталған норма бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Министрлік бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Ведомство азаматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив