A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 14:50 0

Зайсан-Ертіс бассейнінде жыл сайын 20 тоннадан астам тауарлы балық өндірілмек

Бүгін / Зайсан

Өңірде балық шаруашылығын дамытып, су айдындарын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Фархат Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Заңсыздықтың зардабы қандай?

Оның айтуынша, аймақта «Уылдырық шашу – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілген. Бас-аяғы екі аптаға жалғасты. Уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында 16 сәуірде басталған акция 30 мамырға дейін жалғасады. Жауапты тұлғалар су биоресурстарын қорғауға да басымдық берген.
– Рейд барысында бірқатар заңсыздық фактісі тіркеліп, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданған. Сонымен қатар заңсыз ауланған балықтар мен тыйым салынған ау құралдары тәркіленді, – деді Фархад Болатұлы.
Бұдан бөлек, облыс аумағында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шара барысында өзен-көлдер жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, арнайы техника мен су көліктері жұмылдырылды. Нәтижесінде бірнеше тонна қоқыс шығарылған.

Жұмыс орындары ашылады

Фархат Байбазаров мәліметінше, өңірде балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту көзделген.
– Қазір облыс аумағында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны артып келеді. Саланы мемлекеттік қолдау шаралары да кезең-кезеңімен іске асырылуда. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай Зайсан-Ертіс бассейнінде жыл сайын 20 мың тоннадан астам тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр, – деді орынбасар.
Мамандардың айтуынша, бұл өңір экономикасын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сәния Қымбатова
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив