A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:15 0

16 - 22 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Осы аптада бастығыңыз қырын қарап, сынай түседі. Тапсырма орындауыңызды былай қойып, мінезіңізге мін тағатындай. Мүмкіндік болса, тезірек тіл табысып, ұрыс-керіске бармауға тырысыңыз.
Торпақ
Біреуді ұнатсаңыз қадамыңызды аңдап басыңыз. Нәзік жанды болса да ішіңіздегіні ақтарып, құпияңызбен бөлісуге болмайды. Дұрыс тамақтануды күн тәртібіне қойыңыз, асхана тағамдарына ден қойғаныңыз дұрыс.
Егіздер
Жұмыс қиындаған сайын достарыңыздың көмегіне жиі жүгінесіз. Жоқ жерден қателесіп жатсаңыз, өзіңізді кінәлап, таусылудың жөні жоқ. Күтпеген жерден мәртебеңіз асқақтап жатса, салбырлық танытыңыз.
Шаян
Алдыңызда орындалмаған көп жоспар тұр. Қоғамда болып жатқан өзгерістер сізге де қатысты болып тұратын сияқты, неге десеңіздер көбі пікіріңізбен санасады. Апта соңында алдыңызда бірнеше міндет тұр: ешбірін қаперден шығарып алмаңыз. 
Арыстан
Қазір түрлі сезімді бастан өткересіз. Бір мезетте сүйіп те, ашуланып та, жек көріп те үлгересіз. Егер ұзақ сапарға шығып жатсаңыз керек заттарыңызды ұмытпай, шама-шарқыңызша бір оқпен екі қоянды атып көріңіз.
Бикеш
Көптен бері талқыға салудың сәті түспей жүрген тақырыптарды қаузауға болады. Ал оның соңы немен аяқталатыны өзіңіздің шаршы топ алдында сөйлеуіңізге байланысты. Заң тұрғысынан іс насырға шауып жатса сотқа жеткізбеңіз. 
Таразы
Мәнсап баспалдағына шығарда тайғанақтап, сәтсіздікке ұшырауыңыз мүмкін. Ашуыңыз атқа мінсе, тізгінді тартып бағыңыз. Ұжымда аяқ асты айқайға басуыңыз ғажап емес, сондықтан сабырмен серік болыңыз.
Сарышаян
Бейтаныс адамдар ерекше қарым-қабілетіңізді иемденіп алуға тырысады. Өзіңіз де таң қаласыз, бірақ «жаңбыр жауса да су болмайтын» мүмкіндікке ие болыңыз. Әлеуетіңіз өзіңіз ойлағаннан да жоғары, орнымен жұмсаңыз.
Мерген
Көктем келгелі әлдебір жеңілдік байқалып, айнала әсем күйге түсетіндіктен бе Мергендер ауқымды жоспарын қазір бекітеді. Бүгінмен өмір сүруді құп көрмей, өзіңізді дамыта түсуге әуессіз. Табандылығыңыздан таймаңыз.
Тауешкі
Кей Тауешкінің абыройы асып, мерейі үстем болады. Достарыңыз көмек сұраса бас тартпаңыз, себебі сіз үшін де жақындарыңыздың көмегіне иек артар жауапты сәт жақындап келеді. 
Суқұйғыш
Достарыңыз түрлі ұсыныстар жасап, жағымды жаңалықтармен бөліссе де, ешнәрсеге құлқыңыз соқпайды. Бәлкім, қаражат жағы қысып жүр. Қандай қиындыққа тап келсеңіз де сағыңыз сынбасын.
Балықтар
Денсаулығыңызға мән беріп, дәрумендерді көптеп тұтынуды күн тәртібіне қойыңыз. Жеке бас мәселесі мен махаббат тақырыбына келгенде аса жинақы болыңыз. Кіммен болса да ұрыс-керіске бармаңыз, одан да достық шеңберін кеңейте түскен жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив