A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 17:40 0

ШҚО-да былтыр 120-дан астам нәрестеде туа біткен жүрек ақауы анықталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО штаттан тыс балалар кардиологы Гүлмира Сағымбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылы 120-дан астам нәрестеде туа біткен жүрек ақауы анықталды. Оның ішінде 64 балаға ота жасалды.

UMC «Жүрек орталығы» КАД кардиология бөлімінің балалар кардиологиясы бөлімі меңгерушісі, балалар кардиологы Альмира Байгалканованың айтуынша, туа біткен жүрек ақауы- ең жиі кездесетін патологиялардың бірі.

- Әлемдік статистика бойынша жүрек ақауы шамамен 1000 жаңа туған нәрестенің 8-10-ында анықталады. Қазақстанда 1000 бала арасында 8–9 жағдай тіркеледі. Жалпы елде жыл сайын шамамен 3-4 мың нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді, – деді дәрігер. 

Маманның сөзінше, қазіргі медицина ұсынатын мүмкіндіктердің арқасында бұл диагнозды емдеу бұрынғыдай қиын емес.

- Біздің орталықта жыл сайын шамамен 500 ота жасалады, олардың 90%-ға жуығы сәтті аяқталады. Ем алған балалар кейін құрдастарымен қатар өсіп, өмір сүреді, – деді Альмира Байгалканова.

UMC «Жүрек орталығында» ем алған науқастардың 77%-ына диагноз пренаталдық кезеңде ультрадыбыстық скрининг арқылы қойылған. Ал қалған жағдайда жүрек ақауы бала дүниеге келгеннен кейін анықталған.

- Диагностиканың негізгі әдісі – эхокардиография. Бұл – жүректің ультрадыбыстық зерттеуі. UMC «Жүрек орталығында» жыл сайын балаларға 15 мыңнан астам эхокардиографиялық зерттеу жүргізіледі, – деді балалар кардиологы. 

Айта кетейік, мамандар Шығыс Қазақстан облысына сапар барысында туа біткен жүрек ақауы бар балаларға кеңес беріп, тексеру жүргізді. Жалпы 20-ға жуық науқас қаралып, оларға әрі қарай бақылау немесе емдеу бойынша ұсыныстар айтылды.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив