Тоқты
Көңіліңізден әлдебір мазасыздық кетпей, жиі ойға батасыз. Жеке өміріңізде де тыныштық орнап, оңаша қалудың сәті түседі. Осы кезде болашаққа деген жарқын жоспарыңызды тағы бір бекітіп, қадамыңызды нықтай түсіңіз.
Торпақ
Ұжымда бәсекелстік пайда болып, көп жағдайда есеңіз кетіп жүреді. Лайықты қарсылық көрсетіп, тойтара алмауыңыздың бір себебі – әріптестеріңіздің айтарлықтай тәжірибелі болуы. Ондайда тайталасқа келмей, сабырлық танытқан жөн.
Егіздер
Әр салада әлеуеті мол жандар ақыл-кеңесімен бөліссе, ықыласпен тыңдауға дайын болыңыз. Өмірлік тәжірибе жинақтауда біршама азық болады. Мамыр айының 7-сі күні сақ болыңыз: әлдекімдер тұзақ құрып қоюлары мүмкін.
Шаян
Иек артатын адамыңыз болса ғана күрделі тапсырмаларды орындаңыз. Әйтпегенде күш-қуатыңызды бекерге сарқып, жуық арада еңсе тіктеуіңіз екіталай. Қазір қарызға берген ақшаңыз жуық арада қайтпауы ғажап емес.
Арыстан
Қазір қай тұрғыда болсын төзімді болыңыз. Қиын тапсырмалар туындасын, бас қатырар мәселе болсын – сағыңыз сынбасын. Мүлде күтпеген жерден қиындықтар туындауы мүмкін. Жағдай бақылаудан шығып бара жатса да ашуға ерік бермеңіз.
Бикеш
Бұрыннан бері күрмеуі шешілмей келе жатқан отбасылық түйткілдерді біржақты етуді ойластырыңыз. Мұны апта ортасына қарай жоспарлағыныңыз жөн. Жұмысыңыз бітіп жатса алыс сапарға шығып, бой жазып қайтыңыз.
Таразы
Күтпеген жерден пайда болған ұрыс-керіс кезінде сабыр патшалығының есігі жабылып, қызбалыққа салынасыз. Жақын адамдарыңызды ренжітіп алсаңыз апта соңына дейін кешірім сұрап үлгергеніңіз дұрыс.
Сарышаян
Қанша жерден татулықты ту етуге тырысқаныңызбен түптің-түбі біреу-міреумен шекісіп қалуыңыз кәдік. Жора-жолдастарыңызбен ойыңыз бір жерден шықпай қалса, өзіңіздікін дәлелдеу үшін кикілжіңге бармаңыз.
Мерген
Мамыр айының басында сырт-келбетіңізге мән беріп, киіну стиліңізді өзгертуге қолайлы кезең. Бір сәт жаңа дүниелер сатып алсаңыз еш сөкеттігі жоқ. Жұлдызар жұмыста өмірлік серігіңізді жолықтырасыз деп болжауда.
Тауешкі
Алдағы аптада жақсылап тынығып, түрлі дәрумендер қабылдауға тырысыңыз. Көктем бітпей әл-қуат жинап алсаңыз, кез келген тапсырманы қиналмай орындайсыз. Апта соңында жағымды жаңалықтар естисіз.
Суқұйғыш
Табиғатынан ашушаң Суқұйғыштар сүйген адамының көзіне шөп салулары мүмкін. Әсіресе дәрігер, мұғалім мамандығын игергендер алдымен махаббатқа беріктік уәдесін беріп кейін сөздерінен тайқып кетеді.
Балықтар
Қай салада болсын өзгелерден оқ бойы озық тұрамын десеңіз, әр тапсырмадан шашау шығармауға тырысыңыз. Бос уақытыңыз болса, өмірлік серігіңізбен табиғат аясына шығып, жақсылап серуендеп қайтыңыз.
Пікірлер