A+ A A-

talgatzhan 39 13-03-2025, 16:15 0

ШҚО-да тіл заңнамасының сақталуы бойынша тексеріс өтуде

Бүгін / ШҚО

11-14 наурыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 26 қарашадағы №535 бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратында, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасында, ШҚО Дін істері басқармасында, Глубокое ауданы әкімдігі аппаратында тіл заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шараны Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Арсыланқызы Асан, Тіл саясаты комитеті тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Замира Кульдеевна Мукатова, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Асемгуль Мадениетовна Абзалова жүргізуде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив