A+ A A-

talgatzhan 32 4-04-2025, 17:00 0

ШҚО-да туризм саласында жемқорлық тәуекелдері байқалып отыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Спикердің айтуынша, департамент тарапынан туризм бағытындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдау жүргізілді.
- Туристік нысандардың құрылысын субсидиялауға қатысты бірнеше күдікті жағдай анықталды. Яғни, белгілі бір нысандар салынып, қолдануға берілгенімен, оларға субсидия мерзімінен кеш бөлінген. Бұл бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау саналады. Бірақ бір жағынан қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуы мүмкін, - деді Денис Шакенов.
Бұдан басқа, облыста туристік қызмет көрсету үшін лицензия алу бойынша жемқорлық тәуекелдері белгілі болды. Мәселен, бірнеше ұйым бір дипломмен лицензия алмақ болған. Барлық тәуекел бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті нұсқаулар жіберілді. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив