444.3 490.91 5.41
A+ A A-

ШҚО-да жергілікті және республикалық маңызы бар 870 шақырым жол жөнделеді

ШҚО-да жергілікті және республикалық маңызы бар 870 шақырым жол жөнделеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ауқымды жол жөндеу жұмыстары өңірде көлік-логистикалық хаб құру жоспарының бір бөлігі ретінде жүргізілмек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Қалбатау – Майқапшағай және Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (Осинов асуы) республикалық бағыттарын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр. Риддер, Семей және Шемонаиха қалаларына баратын жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

- Көлік министрі Марат Қарабаевтың облысымызға жасаған жұмыс сапары барысында Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлардың құрылысы басталды. Одан бөлек, Марқакөл көліне шығуды қамтамасыз ету үшін Теректі-Ұрынқай жолын, жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайтын ескі австриялық жолдағы көпір мен құбырларды жөндеу жоспарлануда, - деді облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәслихаттың кезекті сессиясында.

Алдағы уақытта Ертістегі өзен қатынасы қайта жанданып, Майқапшағай және Уба шекара өткелдері маңында пилоттық режимде кеден қоймалары іске қосылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив