A+ A A-

talgatzhan 44 8-04-2025, 11:45 0

Айналайын қарағым, есенбісің?

Бүгін / Руханият

Менсіз өткен әр күннің әкелер күшін,

Қараңғыдан қорыққан мен бейбақта,

Сен кеткен соң жалғыздыққа енген ішім.

Сарқылмас ішім дауыл, сыртым орман,

Айта алмай жан сырымды болдым арман.

Пейіш, бәлкім, тамұқта кездескенде,

Бозарып жас алмашы жанарға сан.

Кеткенде сен сұлу бейне сипатта,

Танымаған адамдайсың ойпатта.

Гүрілдеп жанып, дамылдай бітпес шіркінге,

«Ботам-ау» деші тұманға әсте жалтақта.

Жалтақта мәңгі, іздеші мені сайлана,

Мен кетемін өзгеге әсте жайлана,

Ұмытылмас күн болмаған жалғанда,

Ұмытпа сен де, меңдегі жанды лайлама.

Көңілге түскен әр кірбіңнің моншағы,

Та сболып қатты жүректе ізі бар әлі.

Жүректе тұнған, ежелгі ерте елесті,

Екі кеме жолықпас енді баяғы. 

 

Диляра Қорғау,

ҚАЕУ «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив