Тоқты
«Бүгін кешкісін, болмаса ертең аяқтаймын» деп кейінге қалдырып жүрген жұмысыңызды қазір қолға алыңыз. Сонда демалыс күндері алаңсыз тынығасыз. Апта ортасында көптен бері көріспеген достарыңызбен бас қосуыңыз мүмкін.
Торпақ
Апта басында күрделі жоспар құрмағаныңыз жөн, себебі, онсыз да шаруаңыз шаш етектен. Аяқасты қабылданған шешімдерге дайын болыңыз. Тықыр таянғанда жақын адамдарыңыз сеніміңізді ақтай алмай қалулары ғажап емес.
Егіздер
Қазір кез келген келісімшарттар мен ымыраға келуге қолайлы сәт. Тіпті көптен бері көңілі қалып жүрген жандардың өзі кешірсе таңқалмаңыз. Адал еңбекпен келген ақшаңызды жөн-жосықсыз шаша беруден аулақ болыңыз.
Шаян
Қателіктеріңізбен жұмыс істейтін уақыт келді. Өміріңіздің қай баспалдағына жеткенде қиналыңқырап тұрсыз, соған жауап іздеп көріңіз. Достарыңызбен бас қосуыңыз, беймаза күннің өзін мерекеге айналдырып жіберулері кәдік.
Арыстан
Қазір тамыр-таныстарға емес, өзіңізге ғана сенетін кез. Әралуан мәселелер туындаса тартыншақтамай, батыл қимылдаңыз. Сәуір айының 6-10 аралығында қай жерден келетіні белгісіз, қалтаңыз біраз қампиып қалады.
Бикеш
Бикештер үшін сәуір айының әр аптасы қарбалас тірліктермен басталмақ. Шешімі қиын шаруаларды уақтылы аяқтағыңыз келсе едәуір күш-жігер жұмсауыңызға тура келеді. Мүмкіндік болса достарыңызбен жиі жүздесіңіз.
Таразы
Бойыңызға біткен ынта мен ерік-жігеріңізді құр босқа кетірмегеніңіз ләзім. Әлдене ұнамай тұрса, ойыңызды ашық білдіруден жүрексінбеңіз. Таразылар өз ортасында батыл әрі жинақы қылық танытуларымен ерекшеленеді.
Сарышаян
Маңызды кездесулер шығып қалса уақытын таңертеңге бекіткеніңіз жөн. Сөйтсеңіз жемісті де, жеңісті болмақ. Ал кешкісін керісінше, барынша тынығып алыңыз. Кейбір сарышаяндар сүйген адамымен тіл табыспай, салы суға кетеді.
Мерген
Ғұмырыңызда бірнәрсені өзгерткіңіз келсе, асығыстық танытпағаныңыз абзал. «Асықпаған арбамен қоянға жетеді» демекші, басқан қадамыңызды екшеп, жинақы қимылдауға дағдыланыңыз. Өзгеріске келсек, жарқын болашағыңызға қайта жоспар құрыңыз.
Тауешкі
Жұмыста басшыңыз жүктеген тапсырмалар шектен тыс көбейіп кетуі мүмкін. Олар қойған талап жоғары болғанымен, ертерек орындау үшін еншіңіздегі уақыт аздық етуі мүмкін. Сол себепті, кейбір тапсырмаларға рауан таңнан кіріскеніңіз жөн.
Суқұйғыш
Қандай жайт болсын, абдырап, сасқалақтаудың қажеті жоқ. Айналыңызға көз салғанда қырағы болыңыз. Әлдекімдер аяғыңыздан шалуды көздеп жүр. Жүйкеңізге салмақ түсірмей, әккі әрекеттерге мән бермей, күлімсіреп қараңыз.
Балықтар
Үйдегі ұсақ-түйек тірліктер көбейеді. Жөндеу жұмыстары шаш етектен көбейіп, демалыс күндері тынығуға мүмкіндік бермейді. Ескі сырқатыңыз сыр беріп жүрмесін, дұрысы, ақ халаттыларға барып қаралыңыз.
Пікірлер