Назарбаев даңғылы бойындағы, «Металлург» саябағынан Комендантка өзеніне дейінгі аралықтағы 14 тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес және сапа бақылауымен жүзеге асырылып жатыр.
- Жөндеу барысын тексеріп шықтым. Қасбеттерге қолданылатын бояулардың сапасына және түс үйлесіміне ерекше назар аударылуда. Бұған дейін тұрғындар тарапынан айтылған пікірлер ескеріліп, бұл жолы барлық кезеңдерде мұқият қадағалау жүргізіледі, — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Қасбеттерді жаңарту – тек сыртқы келбетті жақсарту ғана емес, қала көркін арттыру мен тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.
Пікірлер