2025 жылғы 8 сәуірде Қазақтардың Дүниежүзілік Қауымдастығының (Шығыс бөлімшесі), ҚР Президенті жаңындағы ҚСЗИ және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Еуразия кеңістігіндегі Алтай: тарихи дәстүрлері және жаһандық келешегі» атты халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өттІ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы мәдени, ғылыми және достық қарым-қатынастарды нығайту, түркі халықтарының қазіргі әлемдегі рөлін талқылау, сондай-ақ ұлтаралық келісім мен толеранттылықты дамытуға үлес қосу. Сонымен қатар, Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі деген ұстаным аясында ортақ тарихи-мәдени мұраны насихаттау.
Модераторы: Мерей Қайнарұлы - Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының ШҚО бөлімшесінің төрағасы.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстан, Ресей Моңғолия және Қытай елдерінен қатысқан тарихшылар, қоғам қайраткерлері, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері маңызды баяндамалар жасап, түркі дүниесінің тарихи-мәдени мұрасына, әлеуметтік дамуына және қазіргі жаһандық контексттегі орнына қатысты өз көзқарастарын білдірді.
Пікір алмасу бөлімінде ШҚТУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының, сондай-ақ Тілдер құзіреттілік орталығының оқытушылары және ШҚТУ студенттері белсене қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды, соның ішінде Алтайдың тарихы, мәдениеті және әлеуметтік-демографиялық процестерін зерттеу мақсатында халықаралық зерттеу тобы құру; Қазақстанның Алтай өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жүйелендіріп, цифрландыру жұмыстарын жүргізу; түркі халықтарының мемлекеттік тарихымен байланысты Өскемен қаласында ескерткіштерді ашу; Ресей, Монголия және Қытай шекаралас аудандарында қазақ тілін оқыту курстарын және түркітілдес халықтардың мәдениетін насихаттау мақсатында мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
Іс-шара барысында айтылған ғылыми пікірлер мен ұсыныстар болашақта жаңа жобалар мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға негіз болады деп күтілуде.
Калиева К.С.,
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Пікірлер