A+ A A-

talgatzhan 5 Бүгін, 08:30 0

Өскеменде сәбилі болған нәзік жандылар дауыс берді

Бүгін / Өскемен

Қаладағы Ана мен бала орталығы  60 сайлау учаскесі болып бекітілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұнда сәби сүйген 18 нәзік жандыға референдумда дауыс беру үшін тиісті мүмкіндік қарастырылған. Комиссия өкілдерінің сөзінше, кейбірі кішкентайын тастап кете алмаса, әлі өз-өзіне толық келіп үлгермесе де, ұйымдастырушылар науқан аясында тиісті жағдай қарастырған.
Күні кеше босанған Венера Ақшағанова бұл күні дауыс беру әр қазақстандық үшін маңызды екенін жеткізді.
- Жаңажол мектебінде тәрбиеші болып істеймін. Жуықта өмірге келген кішкентайым - қыз, Айша деп қойдық есімін. Менің де, оның да жағдайы жақсы. Өзім Жаңа Конституция жобасын қолдаймын, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив