Бұл ұжым хорда ән айтуды ұнататын аға буын өкілдерінің басын қосып, облыстық, қалалық іс-шараларға, байқаулар мен шоуларға қатысады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Әнші жүректер» жоғары шеберлік пен орындаушылық қабілеттерінің арқасында аудан тұрғындарын өз өнерлерімен қуантуда. Хордың атауы кездейсоқ қойылмаған. Аға буын өкілдерінен жиналған қатысушылар шын жүректен ән шырқайды, ал репертуарлары жергілікті тұрғындардың жүрегіне жетеді.
Пікірлер