A+ A A-

talgatzhan 42 8-01-2025, 11:19 0

Марқакөл ауданында жаңа СЭС салынады

Марқакол / Бүгін

 Марқакөл ауданының Қалжыр өзенінде жаңа су электр стансасының құрылысы басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңа СЭС Қалжыр өзенінде орналасады. Оның қуаты 16 МВт болмақ.

- Су тасқыны қаупі жоғары кезеңде су электр станциясының энергиясы мұқым Марқакөл ауданын қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ барлық энергия Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесіне түседі, - дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Жоба аукционнан өтіп, оның жеңімпазы «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС болды.

- Осы кәсіпорын СЭС салу және пайдалану құқығын алды. Бұл жоба Шығыс Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ. Енді компания 5 жылдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтауға міндетті. 2030 жылдың соңына дейін су электр стансасы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, - дейді Н.Рамазанов.

Фото: ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив